Соның бірі - №46 жалпы білім беру мектебіне 1,5 га аумаққа қосымша корпус салынуда. Жоба бойынша нысанда 300 оқушы орны, спортзал, 110 орындық асхана және 10 мың кітап қорына арналған кітапханасы 8 орындық оқу залымен қарастырылған. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталумен 38 адамға тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өткен жылы құрылысы басталған мектептің корпусы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек.