СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІПТЕРІ

СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІПТЕРІ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7 тармағына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдермен жүзеге асырылады:

  • эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттарды алу;
  • эскизді (эскиздік жобаны) жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісуден өткізу;
  • сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнату.

            Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» N 508 Заңының 11 бабынын 2 тармағына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына» ММ жіберілген жағдайда жол беріледі.

Хабарламаға қоса тіркеледі:

  • сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
  • нобайларымен қоса жарнаманың еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.

СІЗДІҢ НАЗАРЫҢЫЗҒА:Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатындығы көзделген.

Сыртқы (көрнекі) жарнамаға салық салу Қазақстан Республикасының2017 жылғы25 желтоқсандағы №120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 10 параграфына сәйкес реттеледі.

Сонымен қатар, аталған сыртқы (көрнекі) жарнама орнынан алынған жағдайда «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына» ММ (алынған күнен кейін 1-күн ішінді) жазбаша түрде хабарлауыңызды сұраймыз.