
Террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуде ҚР Үкіметімен қабылданған заңнамалық актілер, өз кезегінде өңірлердегі терроризмге қарсы комиссияларға жаңа міндеттерді жүктеп оларды ұйымдастыруда бірнеше бағыт-бағдарды айқындап берді. Олардың бірі – объектілердің басшыларына оқу (профилактикалық) іс-шараларын өткізу.
Үстіміздегі жылы Шымкент қаласының әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясымен (ТҚК аппарты, аумақтық ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары, сондай-ақ төтенше жағдайлар бөліністері) аса маңызды мемлекеттік (оның ішінде, аумақтық департаменттер, сот жүйесі органдары, мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер және т.б.) стратегиялық және қауіпті өндірістік объектілер (оның ішінде, әскери бөлімдер, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, көлік инфрақұрылымы объектілері және т.б.), сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілердің (оның ішінде, ірі сауда объектілері, қоғамдық тамақтандыру объектілері, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдары, спорт объектілері, діни ғимараттар және білім беру ұйымдары) басшылары мен өзге де лауазымды адамдарына оқу (профилактикалық) іс-шаралары өткізілді.
Өткізілген іс-шаралардың негізгі мақсаты – объектілердің басшыларының террористік сипаттағы өзекті қатерлері және терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау қатерін азайтатын), сондай-ақ ықтимал террористік қатерлердің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін жағдайлар жасау туралы хабардар болуын арттыру.
Осы орайда, комиссия мүшелерімен а.ж. шілде айында білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына оқу (профилактикалық) іс-шараларымен бірге ҚР Білім және ғылым министрімен, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрімен қабылданған осы санаттағы объектілердің қауіпсіздік талаптарын ұйымдастыруға арналған жаңа нұсқаулықтардың негізгі ережелері де түсіндірілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.