Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 1201 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы «Отбасы банк» өкілдерінің қатысуымен өткен қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мәлімдеді.
Азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Бейбітшілік 3, мекенжайында орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады.