БИЫЛ ШЫМКЕНТ ГАЗБЕН 94,7 ПАЙЫЗҒА ҚАМТЫЛАДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТ ГАЗБЕН 94,7 ПАЙЫЗҒА ҚАМТЫЛАДЫ
Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Яғни, табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде.
 
Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады.
 
Нәтижесінде, қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. Ал, 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда.