НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

2022 жылғы 11 сәуірден 15 сәуір аралығында  "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге  "Shymkent-baspana.kz" сайтында тәулік бойы өтінімдер электронды түрде қабылданады.

Несиелік тұрғын үйлердің орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданы және Әкімшілік іскерлік орталығы, Арғынбеков көшесі.

Қабат саны – 12 және 9

1 ш/метрінің бағасы, таза әрлеуде: 180 000 теңге.       

Берілетін тұрғын үйлерде 900 пәтер,  оның ішінде  бір бөлмелі - 300 дана, екі бөлмелі -300 дана, үш бөлмелі - 300 дана.

1 бөлме ауданы – 32,7-49,3 ш.м.,

2 бөлме ауданы – 61,0 -66,0 ш.м.,

3 бөлме ауданы – 74,5- 82,0 ш.м.

 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.

         Бағдарламаға қатысу шарттары:

          - Қазақстан Республикасының азаматының болуы;

          - Ипотекалық несиелердің болмауы;

          - Табыстың болуы;

          - Баспананың болмауы.

Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 9 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы,"First Heartland Jusan Bank" АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;
  • ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюроның кредиттік есебі;
  • бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы жеке зейнетақы зейнетақы шотынан үзіндісі;
  • жұмыс орнынан табысы туралы анықтама:

Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.

Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.