ХАБАРЛАНДЫРУ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

ХАБАРЛАНДЫРУ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ
Шымкент қаласында 19-23 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланады. Осы күндері сағат 09:00-00:00-ге дейін Әл-Фараби алаңының А.Асқаров көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
 
Көлік жүргізушілерінен бағыттарын төмендегі сызба негізінде үйлестіруді сұраймыз.
 
№52, №92 бағыттағы қоғамдық көліктердің жол сызбасын да назарларыңызға ұсынамыз.
 
Қала тұрғындарынан уақытша жол шектеуі үшін кешірім сұраймыз және Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырамыз.