Терроризмге қарсы семинар өтті

Терроризмге қарсы семинар өтті

2019 жылғы 5-8 тамыз аралығында Шымкент қаласы әкімі аппаратының Терроризмге қарсы комиссиясының (бұдан әрі – ТҚК), сондай-ақ аудан әкімдіктері қызметкерлерінің үйлестіруімен, ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласы бойынша Полиция департаментімен террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі – ТТО) объектілердің  басшыларына «Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары» және «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесі» тақырыбында семинарлар өткізілді.

Семинарды өткізудің мақсаты – ТТО объектілердің басшыларына объекті аумағында терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері туындаған кездегі іс-әрекеттердің алгоритмін түсіндіру.

Кездесу барысында Шымкент қаласы әкімдігі ТҚК-ның өкілі Н.Б. Алипбаевпен терроризм профилактикасы бойынша тиісті ұғымдарға түсініктемелер берілді, сондай-ақ ҚР ҰКК Терроризмге қарсы орталығының Штабымен әзірленген «Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары» негізгі әдістемесімен қатысушыларды таныстырды.

ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Б.К. Алтынбековпен терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезіндегі объекті басшыларының негізгі іс-әрекеттері және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету алгоритмі түсіндірілді.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы бойынша Полиция департаментінің өкілдері Қ.С. Сейілбек және А.Әлімханұлы террористік тұрғыдан осал объектілерді техникалық жарақтандыруға ұсынылатын негізгі талаптарына қатысты түсіндірмелер берілді.

Кездесу барысында ТТО объектілердің басшыларымен проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Кездесу соңында қатысушыларға ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментімен әзірленген әдістемелік анықтамалық материалдар тапсырылды.