
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы базасында жұмыс жүргізетін «Парасаттылық мектебінің» 50 адамнан тұратын лекторлық пулы оқу курстарынан өтті.
«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің лекторлық пулы мемлекет пен қоғамның түрлі салаларының өкілдерінен құрылған, оның басты міндеті халық арасында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Оқудың ресми ашылуына ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жолдыбаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры А.Есенгельдина, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев қатысты.
Шарада сөз сөйлеген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жолдыбаев, құрылған лекторлық пул қоғамда парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытудың жақсы бастамалардың бірі болып табылатынын атап өтті.
Тренингті Департамент және Академия филиалының, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері жүргізіп, оқыту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобалар туралы әңгімелеп, олардың іске асырудағы тәжірибелерімен бөлісті.