Этнос жастары латын әліпбиіндегі қазақ тілінде диктант жазды

Этнос жастары латын әліпбиіндегі қазақ тілінде диктант жазды

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен этнос жастары арасында латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілінде ашық диктант өткізілді.

Ассамблеясының бірыңғай күні және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға қаладағы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының, оқу орындарындағы «Достық» клубтарының мүшелері қатысты.

Өткізілген іс-шара мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге, жастардың латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілін оқып-үйренуге деген ынтасын арттыруға бағытталған.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарына қазақ тілін үйрету шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі ашық диктант жастарды латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануды үйрету мақсатында өтіп отыр. Диктант тақырыбы «2019 – Жастар жылына» арналды. Нәтижесінде қатысушылардың басым бөлігі латын графикасын жетік меңгергендігін байқатты. Аталған акцияны бұдан кейін де жалғастыру жоспарда бар», - дейді Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ-ның бөлім басшысы Мәди Бесбаев.