ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕРГЕ СОТТЫҢ ЗАМАНАУИ ЖҰМЫС ФОРМАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕРГЕ СОТТЫҢ ЗАМАНАУИ ЖҰМЫС ФОРМАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Студенттермен тұрақты кездесу шарасы аясында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Ашық есік күні" өтті.

Оған академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері қатысты. Оларды экономикалық соттың судьясы Нұрдәулет Рахынбаев қабылдады.

Бұл іс-шара сот жұмысында қолданылатын заманауи технологияларды насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және халықтың сотқа деген сенімін арттыру, мақсатында өткізілді.

Сотқа алғаш келген студенттерді экономикалық соттың қарауына жататын істер, олардың қаралу мерзімдері және судья қызметінде туындайтын қиындықтар қызықтырды.

Олар «Төрелік» ақпараттық жүйесінде құжаттардың айналымын және қашықтықтан өткен сот процесін көріп, танысты.

«Ашық есік күнін» өткізу сот жұмысының заманауи жұмыс форматтары туралы азаматтарды ақпараттандыруға көмектесіп, студенттерді тәрбиелеуде маңызы зор.