Состоялся очередной прием граждан акимом города

Состоялся очередной прием граждан акимом города

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов азаматтарды жеке мәселелерімен кезекті рет қабылдады.
 
Кездесуге келген 25 қала тұрғыны әкімге үй, жер және әлеуметтік қолдау мәселелері мен шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету бойынша өз өтініштерін жеткізді. Жеті сағатқа созылған қабылдауда қала басшысы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген  мәселелерді заң аясында шешу жолдарын тұрғындарға түсіндірді. Сондай-ақ,  әр проблемаға байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды  дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді.

Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның жұма күні сағат 16:00-18:00 аралығында өтеді. Қабылдауға shymkent.gov.kz сайты арқылы  және де Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Шымкент қалалық әкімдігінің ғимаратына келіп тіркелуге болады.

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі