
Ерекше фестиваль Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының алдында ұйымдастырылып, шарада талантты суретшілер бас қосты. Олар 6 түрлі тақырыптың бірін таңдап, 18 түс арқылы оларды бейнеледі.
Фестивальге 14 және 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Іс-шарада басты назарға алынған тақырыптар: қоғамдағы түрлі әлеуметтік жағдайлар мен тұрмыстық зорлық – зомбылық, ерте жүктілік, қала өмірі, еріктілер жылы мен салауатты өмір салты т.б. Айта кетейік, фестивальді өткізу идеясы Шымкент қаласының Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы жанындағы Жастар ресурстық орталығы тарапынан туындаған.
Суретшілер өз қиялдарын аэрозол және баллон краскалары арқылы өрнектеді. Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты граффити өнері мен жастар арасындағы суретшілікті қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік тақырыптарды көтеру.
Граффити байқауына 74 суретші қатысты, оның ең үздіктері марапатталды. Бірінші орын иегері – Әйгерім Қасымоваға 125 мың теңгені табысталды. Бойжеткен бір сәтте бірнеше суретті салып, қызықты түстер схемасын таңдап, оны толғандырған эмоцияларды жеткізді. Жалпы жүлде қоры 300 мың теңгені құрады.