«ӘДИЯДА» САПАЛЫ ЖОЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕТІН БОЛАДЫ

«ӘДИЯДА» САПАЛЫ ЖОЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕТІН БОЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы бірнеше шалғай жатқан аудандарды аралады. Соның бірі Қаратау ауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешені болды.
 
Аталмыш кешеннің тұрғындары шаһар басшысына жолдың жоқтығы мен қоғамдық көліктің тапшылығы және қаңғыбас иттердің көбейгендігі жөнінде арызданды.
 
Көтерілген мәселелерді мұқият тыңдаған Ерлан Қуанышұлы жауапты сала басшылары мен тиісті аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар жүктеді.