Қала әкімі «Агрофирма-Қарасу» шағынауданы тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын жан-жақты түсіндірді.
Шағынаудан электр жарығы, ауыз су жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. 65 үй жекеменшік табиғи газбен қамтылған. 2022 жылы газ жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.
2021 жылы Ақүйік, Ақшат, Көксәйек, Кеңестөбе, Ақбастөбе, Шарбұлақ, Аққанбұлақ, Ақтекше, Аққия көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сарытау көшесі жарықтандырылды. Сондай-ақ, 1 спорт алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді.