Қазақстан Республикасы Үкіметінің бүгінгі отырысында тұрғын үй құрылысы саласындағы мәселелер қаралды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың хабарламасына сәйкес, 2021-2025 жылдар кезеңінде құрылыс материалдары саласында 1,6 трлн. теңгеге 165 жоба іске асырылмақ. -«Пайдалануға беріліп жатқан жаңа тұрғын үйлердің көбейгенін ескерсек, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын арттырып, жаңа серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру қажет. Өңірлерге қатысты алсақ, ең көп жаңа инвестициялық жобаларды Ақмола (21 жоба), Түркістан (21 жоба), Алматы (19 жоба) облыстары мен Нұр-Сұлтан (26 жоба) және Шымкент (16 жоба) қалаларында іске қосу жоспарлануда», - деді Б. Атамқұлов.