
Күні кеше отандастарымыз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін сән-салтанатымен атап өтті. Болашағын баянды еткен мемлекет, өз тарихын айрықша қастерлеп, дара тұлғаларын, ел болып еңсе көтеруге қызмет еткен асыл азаматтарын ерекше құрметке бөлейді. Уақыт озған сайын ұлт азаттығы үшін аянбай күрескен Алаш қайраткерлерінің даналығын, даралығын, кемеңгерлігін айқын сезініп келеміз. Олардың өмір жолы біз үшін, болашақ ұрпақ үшін – тағылым алар тәрбие. Мұндай кешендер – жастарымызды отаншылдыққа тәрбиелеп, өз еліне, жеріне, өткені мен болашағына деген сый-құрметті қалыптастыру құралы деп білеміз, - деді қала әкімі.