Шымкенттегі Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың ортасынан өтетін қуаттылығы 110 кВ электр желісінің орнын ауыстыру жұмыстары жоспарланған.
Жаңадан салынған 110 кВ электр желісін қосып, айналма желісін өшіру қажет. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес 4 желтоқсан күні сағат 00:00 –ден 07:00-ге дейін орындалады. Осыған орай аталған шағын аудандарда электр желісі уақытша өшіріледі:
- Самал - 2,3, Асар, Достық, Ақжайық, Шұғыла, Солтүстік-Батыс, Отау, Көкжайлау, Нұрсат, Қайтпас, Нұртас, ШымСити, Тұран және Әкімшілік іскерлік орталығы, Н.Назарбаев даңғылы, Шаяхметов, Арғынбеков көшелері.
Әлеуметтік нысандардағы электрэнергия өндіру құрылғыларының (электргенератор) жұмысқа дайындығын тексеруді сұраймыз:
- Нұрсат ш.а., Н.Назарбаев даңғылы – Әкімшілік іскерлік орталығы; Тұран ш.а., ШымСити А-2 – ШымСити жылу қазандығы; Отау ш.а., Төлеметов көш. – Отау ш.а. жылу қазандығы; Тұран ш.а., Бәйдібек би көш. – НьюСити жылу қазандығы; Көкжайлау ш.а., Төлеметов көш. – Көкжайлау жылу қазандығы; Отау ш.а., Төлеметов көш. – ОтауМед медециналық орталығы; Нұрсат ш.а., Бәйтереков көш. – №3 Емхана; Нұрсат ш.а., Құлагер көшесі – Атамекен медециналық орталығы.
Тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз.