Абай ауданы аумағында «Шымқала - таза қала» сенбілік акциясы аясында 8 шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалау және Темірлан тас жолы, Асқаров, Республика, Рысқұлов, Әл-Фараби, Момышұлы, Бәйдібек би, Өтегенов, Арғынбеков сынды негізгі көшелерде ирригациялық жүйелер тазаланып, су өткізгіш арналары кеңейтілді.
Сонымен қатар, Абай ауданында сенбілік барысында қураған ағаштарды және шөптерді қырқу, бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылып, ағаш көшеттері отырғызылды.
Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер, көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелері және еріктілер қатысты. Жалпы қалалық сенбілікке 1300 адам, 21 техника жұмылдырылған.
Тазалық акциясы өз жалғасын табатын болады.