РЫСҚҰЛОВ-ҚОНАЕВ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

РЫСҚҰЛОВ-ҚОНАЕВ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласындағы Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы жүргізілуде. Нысанның жобалық-сметалық құжаттама бойынша екі жылға жоспарланған болатын. Алайда құрылыс қолайсыздығы уақытын азайту мақсатында жұмыс мерзімі 1 жылға қысқартылып, толыққанды жол қозғалысына желтоқсан айында берілу көзделуде.
 
Қала әкімінің тапсырмасымен аппарат басшысы Ғ.Мәуленқұлов пен салалық басқарма басшылары құрылыс барысын бақылап шықты.
 
2019 жылы Рысқұлов (Қонаев қиылысы) көшелерінің көліктерді өткізгіштігі тәулігіне 27 775 болса, жол құрылысы аяқталғаннан кейін 65 820 жоғарылайды. Ал, Қонаев (Рысқұлов қиылысы) көшелерінің көліктерді өткізгіштігі 31 650 болса, жол құрылысы аяқталғаннан кейін тәулігіне 75 900 көлік өткізу мүмкіндігі артады. Жалпы жол айрықтың көлік өткізгіштігі 141 720 құрайтын болады.