ҚАЛАДАҒЫ ЕКІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ

ҚАЛАДАҒЫ ЕКІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
Шымкентте тұрғындардың сұранысы негізінде №61 мен №72 қоғамдық көлігінің бағытына өзгеріс енгізілді.
Нәтижесінде №72 бағыт, май комбинаты аумағын толық қамтитын әлеуеті анықталып, «Алаш базары – МШК» аялдамалары аралығында қызмет көрсетеді.
 
Бұл бағыттағы автобус саны 12 болса, сенбі мен жексенбі күндері 10 көлік қызмет көрсетеді. Аралығы 18 минутты құрайды. Автобустар кең әрі сыйымдылығы жоғары болғандықтан елді-мекендегі тұрғындарды толық қамти алады.
 
Қоғамдық көлік қызметіне зерделеу нәтижесінде №61 бағытқа жолаушы аз мінетіні анықталды. Бұрын МШҚ шағын ауданында қызмет көрсететін көлік енді «Ташенов көшесі – 8 көше» аралығындағы жолаушыларды тасымалдайды. Енді осы бағыттағы 6 көлік 15 минуттық аралықпен қызмет көрсетеді.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі