ШЫМКЕНТТЕ ХОККЕЙДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ  ХОККЕЙДЕН  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ТУРНИР   ӨТУДЕ
Шымкент қаласында 11 қазаннан бастап шайбалы хоккейден 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Федерация Кубогына» арналған республикалық турнир басталды.
 
Турнирге Алматы қаласының «Rakhimzhan», «Medvedi», Павлодар қаласының «Ertis», Нұр-Сұлтан қаласының «Brigantina», «Barys», «Astana», Ақтөбе қаласының «Aqtobe», Атырау қаласының «Beibarys» және Шымкент қаласының «Turan» командасы қатысуда.
 
Республикалық жарыс 15 қазанға дейін созылады. Бүгін қаламыздың «Мұз сарайында» жерлестеріміз «Turan» командасы елордалық «Barys» командасымен сынға түседі.
 
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы