ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
11 қазан күні сағат 16:00-де Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Білісбеков Ерғали Дәулетбекұлы @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат береді.
 
Ұлттық халық санағының өткізілу барысы бойынша сауалдарыңыз болса, посттың астына пікір жазып қалдырыңыздар. Сондай-ақ, тікелей эфир арқылы қала әкімінің орынбасарына сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.
 
Тікелей эфирге қала әкімдігінің @akimat_shymkent парақшасы арқылы кіруге болады. Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен барлық сұраққа жауап беріледі.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі