ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
5 қазан күні сағат 12:00-де Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаевтың @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат береді.
 
Тұрғын үйлерде газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша сауалдарыңыз болса, посттың астына пікір жазып қалдырыңыздар. Сондай-ақ, тікелей эфир арқылы басқарма басшысына сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.
 
Тікелей эфирге қала әкімдігінің @akimat_shymkent парақшасы арқылы кіруге болады. Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен барлық сұраққа жауап беріледі.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі