Шымкент қаласы Қаратау ауданында көркейту, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы мақсатта аудан аумағындағы «Ақжайық» шағынауданының №63/27, 69/36, 69/37, 69/38, 69/40, 69/43,69/ 44 тұрғын үй аулаларында іске асып жатқан балалар ойын алаңшасының абаттандару жұмыстарымен Қаратау әкімінің орынбасары Қ.Қалдықараев аралап көрді. Тұрғындармен кездесіп, үйлердің ауласында атқарылатын абаттандыру жұмыстарымен таныстырды.