ШЫМКЕНТТЕ №56 МАРШУТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СХЕМАСЫ ӨЗГЕРТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ №56 МАРШУТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СХЕМАСЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
Кешенді схемаға сәйкестендіре отырып, қала халқының сұранысы бойынша №56 маршрут схемасы өзгерді, деп қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлайды.
 
Аталмыш маршрут алдын тек Қазғұрт ш/а қамтыса, қазіргі уақытта Құрсай тұрғындарында қамтитын болады. Маршруттағы автобус саны жұмыс күндері -10, ал демалыс күндері -8. Аралық интервал 15/20 минутты құрайды.
 
Маршрут өз кезігінде Қазғұрт, Құрсай, Нұртас, Нұрсат шағын аудандардан мектеп оқушылары мен студенттерді оқу орталықтарына, ал тұрғындарды базар мандарына жеткізеді.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі