15-қыркүйек күні сағат 16:00-де Шымкент каласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұқбат береді.
Денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдарыңыз болса, посттың астына пікір жазып қалдырыңыз. Сондай-ақ, тікелей эфир арқылы басқарма басшысына сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.
Тікелей эфирге қала әкімдігінің @akimat_shymkent арқылы кіруге болады. Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен барлық сұраққа жауап беріледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі