9 қыркүйек күні сағат 15:30-да Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Орынбасарұлы Қабыштаев @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат береді.
«Ашық» бағдарламасындағы өзгерістер мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің вакцинациялауын тексеру алгоритмдеріне қатысты сауалдарыңыз болса, посттың астына пікір жазып қалдырыңыздар.
Сондай-ақ, тікелей эфир арқылы Палата басшысына сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.
Тікелей эфирге қала әкімдігінің @akimat_shymkent парақшасы арқылы кіруге болады. Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен барлық сұраққа жауап беріледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі