АЛҒАШҚЫ ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУҒА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ ҚАЛАЙ?

АЛҒАШҚЫ ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУҒА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ ҚАЛАЙ?
2021 жылдың шілде айының соңғы он күндігінде ауыл әкімдері сайланады. Бұл ретте кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланғаннан кейін келесі күні басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін 15 күн бұрын аяқталады. Яғни ұзарту мерзімінің ұзақтығы 14 күнге дейін жетуі мүмкін. Осы уақыт ішінде кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды жинаумен айналысады. Ал, алғашқы тікелей сайлауға зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы қалай?
 
Кандидаттарды тіркеу сайлау күнінен 10 күн бұрын аяқталады. Осы кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді. Сайлау күнінің алдындағы соңғы онкүндікте үгіт-насихат іс-шаралары, тіркелген кандидаттар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар және сайлауға дайындық жүзеге асырылады.
 
Гүлжан Сүгірбаева – ОҚМПУ ректоры
 
Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.  Үміткерлер Қазақстан азаматы және жасы 25 –тен  жоғары болуы тиіс. Сондай-ақ, соттылық, жұмысқа қабілетсіздік сынды керағар мінез-құлққа да шектеу қойылады.
 
Гүлжан Сүгірбаева – ОҚМПУ ректоры
Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.