Бүгін Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан аумағындағы «Сайрам», «Асар», «Азат», «Асар-2» елді мекендерінің тұрғындарын қабылдады. Тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылауға қалалық мәслихат депутаты Ж.Таңатарова қатысты.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның тұрғылықты жеріндегі өзекті мәселелерді (электр қуаты, ауыз су, табиғи газ, қоғамдық көлік, көше атауларын беру және әлеуметтік көмек көрсету және т.б.) тыңдап, аудан әкімі аппаратының даму жоспары аясында мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Сондай-ақ, аудан әкімі ауданның барлық елді мекендерінің өзекті мәселелері тікелей бақылауда екенін айтты.