ШЫМКЕНТТЕ «БАЛАЛАРҒА БАҚЫТ СЫЙЛА» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «БАЛАЛАРҒА БАҚЫТ СЫЙЛА» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  1 маусым  - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балаларға бақыт сыйла!» іс-шарасы өтті. Оған әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 5-12 жас аралығындағы 40 бала қатысты. 
 
Игі шараның мақсаты бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, танымдық өрістерін кеңейту болып табылады. 
 
Экскурсия барысында балаларға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені таныстырылып, зообақты аралатты. Ойын алаңшасындағы аттракциондарға ойнатып, арнайы сыйлықтар табысталды. 
 
Мұндай іс-шара ертең де жалғасын табады.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі