ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жастар  ресурстық орталығының қолдауымен «Балалық шақ — бақытты аспан астында» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оған қаладағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдіршіндері қонақ болды. 
 
Демеушілердің көмегімен өткен қайырымдылық шара барысында балаларға түрлі аниматорлар арқылы концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, сонымен бірге, ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етілді. 
 
Айта өтсек, «Жігер» қоғамдық бірлестігінде тумысынан сал ауруына шалдыққан 130-ға жуық бала тәрбиелену үстінде. Оларға әлеуметтік қызметкерлер үйіне барып сабақ оқытып, өзге де әлеуметтік, емдеу-оңалту қызметтерін көрсетеді.  
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі