ШЫМКЕНТТЕ МАСАҒА ҚАРСЫ КЕҢ АУҚЫМДЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ МАСАҒА ҚАРСЫ КЕҢ АУҚЫМДЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында масалар, мүк және басқа да жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезеңде бұл жұмыстар қаладағы саябақтар мен гулзарларда атқарылуда. Жұмыстар таңғы және кешкі уақытта жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 17 автокөлік пен 35 адам жұмылдырылып отыр.
 
Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қаланың орамішілік аумақтарында, көшелерде, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінде жүргізілетін болады. Сондай-ақ, дезинсекциялық жұмыстармен мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, базарлар, сауда үйлерінің аумақтары қамтылады.
 
Жалпы қала бойынша 4 миллион шаршы метрге жуық аумаққа масаға қарсы «Кординал» дәрісі шашылады.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі