АУДАН ƏКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ƏКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласы Қаратау ауданының əкімі Абзал Әліқұлов Тұран шағынауданындағы көпқабатты үй тұрғындарымен кездесті. Аудан əкімі көпқабатты тұрғын үйлердің МИБ (мүлік иелерінің серіктестігі) жəне ҚС (қарапайым серіктестік) құруының маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндірді. 
 
Сонымен қатар, Абзал Шымкентбайұлы тұрғындармен көпқабатты үйлердегі коммуналдық мәселелер, аулаларды абаттандыру жұмыстарының атқарылуы бойынша мәселелерді талқылады. 
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі