ШЫМКЕНТТЕ ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН "БІРГЕ ЖҮГІРЕЙІК" ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ! ⠀

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН  "БІРГЕ ЖҮГІРЕЙІК" ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ! ⠀
24 наурызда алғаш болып шымкенттік спортшылар қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған "Бірге жүгірейік" челенджін бастады.
 
Челлендж Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында бұқаралық балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында спорт қайраткері Сергей Цырульниковтың бастамасымен жүзеге асып отыр.
 
Мұнда бағдарламаға сәйкес 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Іс-шараның арнайы қонағы күш нөмірлері бойынша әлемнің 4 дүркін рекордсмені, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның 5 дүркін рекордсмені Сергей Цырульников болды! ⠀
 
Мәреге бірінші келген 150 спортшыға атаулы сертификаттар берілді.
 
Алдағы уақытта челлендж келесі қалаларда кестеге сәйкес жалғасын табады. 
 
1. Шымкент-24 наурыз 
2. Түркістан-3 сәуір
 3. Қызылорда-10 сәуір
 4. Атырау-17 сәуір
 5. Ақтау-24 сәуір
 6. Қостанай-1 Май
 7. Петропавл - 8 мамыр
 8. Көкшетау-15 май
 9. Павлодар-22 мамыр
 10. Өскемен-29 мамыр 
11. Талдықорған-5 маусым 
12. Тараз-12 маусым 
13. Алматы-19 маусым 
14. Қарағанды-26 маусым 
15. Нұр-Сұлтан-3 шілде ⠀
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі