«БІРЛІК ЖШС» САУДА-ЛОГИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ БИЫЛ СӘУІР АЙЫНДА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

«БІРЛІК ЖШС» САУДА-ЛОГИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ БИЫЛ СӘУІР АЙЫНДА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Қала әкімі М.Әйтенов Шымкент-Ташкент тас жолының бойындағы «Бірлік ЖШС» сауда-логистика орталығында болды. Қазіргі таңда ЖШС-і тарапынан инвестиция тартылып, сауда-логистикалық орталығының құрылысы жүргізілуде.
Құрылыстың жалпы ауданы – 15 га. Жалпы инвестиция көлемі – 5 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 3 кезеңге бөлінген. 1-і кезең 2020 жылдың тамыз айыннан басталған. Бүгінгі таңда 800 млн теңге қаржы жұмсалып, құрылыс нысанының 80 % жұмыстары аяқталды.
Құрылысқа 140 адам тартылған. Бірінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын толығымен 2021 жылы сәуір айында аяқтау көзделуде.
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі