2020 жылғы 1 желтоқсан күні қалада коронавирус жұқтырған 9 науқас тіркелді. Вирус жұқтырғандар – 2000, 2008, 2009, 1990, 1962, 1988, 1991, 1965 және 1987 жылғы қала тұрғындары. Науқастарда ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Айта кетейік, соңғы тәулікте вирус жұқтыру дерегі көбейіп отыр. Сондықтан медицина мамандары босаңсуға болмайтынын ескертеді. Сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.