ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰЛАҚҚАҒЫС ЖАСАЙДЫ

ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰЛАҚҚАҒЫС ЖАСАЙДЫ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Дәрігерлер маусымдық жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейтуді ескертеді.

Қазіргі таңда тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекция және басқа да маусымдық аурулардың таралу қаупі жоғары. Осыған байланысты төмендегі қарапайым сақтық шараларын қатаң сақтау қажет:

* көпшілік орындарға баруды барынша шектеу;
* бетперде тағып жүру;
* жеке бас гигиенасын сақтау;
* дәрігердің кеңесімен маусымдық екпе алу;
* бала ауырған жағдайда оны балабақшаға немесе мектепке жібермей, емдеу;
* көкөніс пен дәруменге бай тағамдарды, пайдалы тағамды көбірек тұтыну.

Денсаулығыңыз нашарлаған жағдайда өз бетіңізше ем қабылдамай, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Сақтық – саулық кепілі!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі