ЖАСТАР – БІРЛІК ПЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ТІРЕГІ

ЖАСТАР – БІРЛІК ПЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ТІРЕГІ

 Шымкент қаласындағы Энергетика және байланыс колледжінде ел бірлігі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың патриоттық санасын арттыруға арналған кездесу ұйымдастырылды.

Жиынға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Нұржан Әбдікерім, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру және үйлестіру бөлімінің теолог маманы Әбдіманап Нұрхан, сондай-ақ Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Әмірәлі Берік қатысты.

Кездесу барысында студенттермен ел ішіндегі ынтымақ пен берекені арттыру, отан алдындағы азаматтық парызды өтеу, мемлекеттік тілді кеңінен қолдану, ұрпақ тәрбиесі және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жастарға әлеуметтік желілерде таралатын теріс ақпараттарға бой алдырмаудың, ұлт пен ұлыс арасындағы сыйластықты сақтаудың, бір-бірін кемсітуге жол бермеудің маңызы түсіндірілді.

Кездесудің соңында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты және толық жауап алды.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent #АНК #ANK