
№1 қалалық клиникалық аурухананың трансплантолог-дәрігерлері тірі донордан жасалған кезекті – 235-ші бүйрек трансплантациясын сәтті аяқтады. 1982 жылғы азаматша өзінің туған сіңілісімен (рецепиент, 1983 ж.т.) бүйрегін бөлісті. Науқас 2022 жылдан бері созылмалы терминальді бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен ауырған. Ол нефрологтың бақылауында болып, 2024 жылдан бастап бағдарламалық гемодиализден өтіп келген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі