
Конкурсты ұйымдастырушы: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы.
Орналасқан жері: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10.
пошталық мекенжайы: 160000.
байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-12, 24-74-23,24-75-25.
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы. Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 (фронт-офис, Шымкент қаласы әкімдігінің 1 қабаты).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 жылғы «28» қыркүйегінен бастап 2020 жылғы «12» қазан қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «28» қыркүйек сағат 10:00-ден бастап (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «12» қазан сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде танысуға болады.