Меню

Страницы

Статья

ШЫМКЕНТТЕ 1114 ОТБАСЫҒА ЕТ ӨНІМІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылды. Осыдан кейін ҚМДБ-ның бастамасына орай республикалық «Раббың үшін Құрбан шал» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қала бас имам орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді,  Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» мекемесінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және аудан бас имамдары, ерікті азаматтар қатысты.

Қайырымдылық шара қала бойынша мешіттерде үш күн бойы ұйымдастырылады. Жалпы, қасиетті Құрбан айттың бірінші күнінің қорытындысы бойынша  332 қой,  31 іріқара мал,  1 түйе,  3 ешкі онлай және офлайн түрінде құрбан шалынды. Арнайы тізімге енген, көпбалалы және аса мұқтаж 1114 отбасыға  ет үлестірілді.     

Сондай-ақ, қайырымдылық шаралардың жоғары деңгейде  өтуіне арнайы штаб құрылып, оған 56 имам, 200 ерікті, 30 арнайы қасапшы маман қызмет етуде.   

Айта кетсек,  www.qurban2022.kz сайты арқылы онлайн немесе офлайн түрінде құрбан шалу рәсімдері үш күн бойы санитарлық талаптарға сәйкес жалғасады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Дата публикации
12 июля 2022
Дата обновления
12 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы
14 августа 2026
Шымкент қаласы бойынша дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу және дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскелердің тізбесін бекіту туралы
14 августа 2026
2026 жылғы Құрылтай бойынша ақпараттық материалдар

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы