Меню

Страницы

Статья

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылды. Шаһардың бас мешітінде өткен айт намазын Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы  жүргізіп, әуелі ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін жиналған жамағатқа жеткізді. Құрбан айт намазына Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері қатысып, айт меркесімен құттықтады.

Шаһардың бас мешітіндегі айт намазы жоғары деңгейде айт намазын оқылып, қасиетті Құран хатым арнайы бағышталып, елдің бірлігі мен ынтымағына дұға етілді.

Осыдан кейін,  мешіт ауласында  «Дін мен дәстүр» атты дәстүрлі спорттық ойын түрлерінен, яғни кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрес  сынды мерекелік шара ұйымдастырылды. Игі шараны қала бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізді.   

Дәл осындай рухани мерекелік шара  қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбек пен қалалық «Зекет және қайырымдылық»  қорының өкілдерінің ұйытқы болуымен бірнеше мешіттерде жалғасып тапты.  Жарыс соңында жеңімпаздарға  өкілдіктің арнайы дипломы мен кәде-сыйлықтары табыс етілді. Ал, «Айттық сый», «Айт тәттісі» атты қайырымдылық шарасы барысында  қалалық «Әйел-қыздар» секторына қарасты ұстаздар мен әжелеріміз  жиналған қаламыздың тұрғындарына түрлі тәттілер мен баурсақ ұсынды.          

Айта кетсек,  www.qurban2022.kz сайты арқылы онлайн құрбан шалу рәсімдері үш күн бойы санитарлық талаптарға сәйкес «Бозарық Халал» қасапханасы мен қаланың төрт аудандық  мешіттерінде қызмет көрсетілуде. Мұнымен қатар, айтулы күндері діни ақпарат алу үшін Шымкент орталық мешіті жанындағы «Call-Center»   орталығы  (+7708 478 48 72) жұмысын жалғастырды.

Жалпы, қала бойынша 88 мешіттің барлығына айт намазы жоғары деңгейде өткізілді. Айт намазға келген жамағаттың көңіл-күйі өте жоғары екендігін айта кеткен жөн. Құрбан айт құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Дата публикации
12 июля 2022
Дата обновления
12 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы
14 августа 2026
Шымкент қаласы бойынша дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу және дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскелердің тізбесін бекіту туралы
14 августа 2026
2026 жылғы Құрылтай бойынша ақпараттық материалдар

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы