Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру!

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан 2022 жылғы 1 ақпан мен 31 мамыр аралығында (4 айға) одан әрі ұзартылмайтын, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіне коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ветеринариялық дәрігерлері үшін тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу (заңдастыру) үшін «Жасыл дәліз – 3» ашылды.

Құрметті қала тұрғындары тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу (заңдастыру) үшін «Жасыл дәліз – 3» функциналы ашылуына байланысты, бүгінге күнге дейін тіркелмеген ересек ауыл шаруашылығы жануарларыңызды (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе шошқа) тіркеу мүмкіндіктеріңіз бар.  

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары мемлекет тарапынан тегін  жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы бірдейлендіру жұмыстарын Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына (бұдан әрі –басқарма) қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК жүргізеді.

Жоғарыда аталған қызмет түрін алу үшін басқармаға қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК жазбаша өтініш қалдырасыз.

Қосымша ақпараттар алу үшін, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 24-75-37, 24-75-13 және Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК- ның (Байтулы баба 9/14) 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18 байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады.

Ескертпе:

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.

Дата публикации
01 марта 2022
Дата обновления
01 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы
14 августа 2026
Шымкент қаласы бойынша дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу және дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскелердің тізбесін бекіту туралы
14 августа 2026
2026 жылғы Құрылтай бойынша ақпараттық материалдар

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы