Меню

Страницы

Статья

Заңға өзгеріс – заман талабы Дін саласындағы заңнамаға қандай өзгерістер енгізілді?

Өткен жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Заңдағы өзгерістер мемлекеттің дін саласын реттеу, қадағалау механизмдерінің  заңнамалық және құқықтық тетік­терін жетілдіру талабынан туындады.

Аталған мәселелер алдымен әр түрлі іс-шараларда діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылармен талқыланып, басым көпшілігінен қолдау тапты. Олардың қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Қазақстанның православ шіркеуі, Католик шіркеуі сияқты және басқа да діни бірлестіктер басшылығы және танымал сарапшылар болды.

Түзетулердің негізгі мақсаттары мына бағытта жүзеге асырылғанына назар аударғанымыз жөн.

Біріншіден, бұрынғы заңнамада «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» термині пайдаланылды, алайда терминнің мазмұны ашылмағандықтан бұл діни бірлестіктер мен құқық қорғау ұйымдары тарапынан сын айтылатын. Осыған орай «Діни мазмұндағы ақпараттық материал – кез келген материалдық жеткізгіштегі діни сипаттағы баспалық, электрондық және өзге де ақпарат» деп өзгертілуін оңды шешім деп санаймыз.

Екіншіден, ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге рұқсат беру сипатынан хабарлама сипатына өту ұсынылды.

Бұл түзетудегі діни іс-шараларды тек қана діни бірлестіктер өткізеді. Сонымен қатар, түзетудегі діни іс-шараның жаназа намазы, ауызашар секілді және басқа да жеке тұлғалар өткізетін діни жоралар мен рәсімдерге мүлде қатысы жоқ.

Бұл жерде тек қана діни бірлестіктердің ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларын реттеу қаралған.

Ал, жаназа намазы, ауызашар секілді және басқа да діни рәсімдер қолданыстағы Заңның 7-бабының 2-тармағында бөгетсіз өтетіні анық көрсетілген. Осыған орай жаңа түзетуде Заңдағы 5-баптың 7 тармақшасындағы «ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі» деген сөздер «ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды» деген сөздермен ауыстырылғаны өте құптарлық болды.

Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, діни бірлестік ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаны  облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына қағаз жүзінде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді.

 Хабарлама осы 7-баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіге хабарламаның қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, хабарлама алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге осы баптың 5-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен сәйкессіздік туралы шешім жібереді.

Үшіншіден, бұрын  дінтану сараптамасын жүргізуге саясаттанушыларды, психологтарды, әлеуметтанушыларды және т.б. мамандарды тарту қолға алына бермейтін, тек теологтар мен дінтанушылар ғана жүргізетін еді. Заңның 6-бабының 3-тармағы «Дінтану сараптамасын діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар (мамандар), қажет болған кезде мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді»  деген жаңа редакцияда жазылуы құптарлық жайт.

Төртіншіден, өзгеріс енгізілген заңда өңірлік діни бірлестіктерді тіркеу талаптарын жеңілдету мәселесіне де назар аударылды.

Бұл ұсыныстағы ең маңыздысы, 2011 жылдан бергі тіркелу үшін 500 азамат болуы тиіс делінген талабы мүлде өзгермейді. Сондай-ақ, бұл жерде жаңа діни бірлестіктер құрылмайтынын түсінген жөн. Тек қана заң аясында қызмет етіп жүрген жергілікті діни бірлестіктер бірігіп, өңірлік діни бірлестік болып тіркелу үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Тағы бір өзгерісі мынадай: «Өңірлік діни бірлестіктер өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктер қызметі аумағының шегінде құрылады және өз қызметін жүзеге асырады».

Жоғары атап өткеніміздей  заңдағы толықтырулар мен өзгеріс­тер енгізілуі уақыт талабынан туындады. Елдегі мем­лекет және дін қатынасының өзекті тұстары: зайырлы қағиданы сақтау және нығайту, ар-ұждан бостанды­ғын қамтамасыз ету, тоталитарлық радикалды идеология және деструк­тивтік діни ағымдармен күрес, сырт­қы діни ықпалды тежеу механизм­дерін жетілдіру, діннің саясилануы­ның алдын алу, дәстүрлі діндарлық мәдениетінің сапалық тұрғыдан өсуін қолдау және жоғары рухани­лықты жетілдіру.

Әрине, ең бастысы – қолданыстағы заңды сақтау болып табылады.  Сонда ғана қоғамымызда дін бостандығы қамтамасыз етіледі.

 

                                                              А.ТҰЯҚБАЕВ, Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы

Дата публикации
04 февраля 2022
Дата обновления
04 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы
14 августа 2026
Шымкент қаласы бойынша дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу және дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскелердің тізбесін бекіту туралы
14 августа 2026
2026 жылғы Құрылтай бойынша ақпараттық материалдар

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы