Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің ортақ мүддеміз!  

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отыр. Елдің ертеңі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түбімен жоюымыз қажет. Бұл адамзатқа жат қасиет. Жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі де болса тыйылар емес. Бұл кесел еліміздің дамуына, экономиканың жеделтеп өсуіне біршама кедергі келтіретіні даусыз. Мемлекеттік сатып алу, жер телімін заңсыз беру, мемлекет қаражатын талан-таражға салу сияқты мемлекетке қауіп төндіретін келеңсіз әрекеттер әлі де жеткілікті. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, жұртшылық бойында жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру. Жалпы сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Заңға сәйкес іс әрекетке қайшы іс қимылдар жасап пара беріп немесе пара алып ұсталынған мемлекеттік қызметшілер, әсіресе лауазымды тұлғалардың қарасы таусылар емес. Мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болғаны абзал. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлық деңгейінің төмендеуіне кері әсерін тигізеді. Дегенімен де бұл қиындықтар ата-бабаларымыз жасаған ерліктің алдында түкке тұрмайтын қиындық деп білемін. Ата - бабаларымыз туған жеріміз үшін, келешек ұрпағымыз үшін деп күрескен. Ал біз жемқорлық үшін күресуіміз керек. Өзімізден кейінгі ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан аман алып қалып, болашаққа жемқорлықсыз жарқын өмір сыйлауымыз керек. Адал еңбек қана берекетті. Адал ризық - несібе ғана адамды жақсылық пен бақытты болашаққа жетелейді. Осы тұрғыда Абай бабамыз: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деп, малды адал жолмен тапса ғана берекетті, жұғымды болатындығын айтып өткен. Пара мен дүниеге қызықпай, тура жолмен жүргенде ғана өмірің мағыналы, халықтың алдында қызметің мен беделің жоғары болатындығы анық көрініс.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы             2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстаның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында баяндалғандай: «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу күн тәртібінен түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек» делінген. Осы Жолдауда көрсетілгендей сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сондықтан барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жүргізулерін және осы сыбайласқа негіз болатын іс-әрекеттер, себептер, мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа көшірілуі біршама тосқауыл қоюы анық. Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрекет ету барша азаматтың басты міндеті болып табылады.

 

Шымкент қаласы әкімі

аппаратының

Әдеп жөніндегі уәкілі                                                                 М.Акишев

Дата публикации
28 февраля 2020
Дата обновления
28 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы
14 августа 2026
Шымкент қаласы бойынша дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу және дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскелердің тізбесін бекіту туралы
14 августа 2026
2026 жылғы Құрылтай бойынша ақпараттық материалдар

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы