(Шымкент қаласы әкімі аппараты Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтің
2018 жылы атқарылған жұмысының есебі)
Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің жаңа тарихи жағдайларда дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет жүйесін құруға ерекше назар аударып келеді.
Мемлекет басшысы 2015 жылғы мамырда «Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» реформалық бағдарламасын жария етті. Бұл құжатта ең алғашқы өзекті міндет ретінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі алға қойылған. Елбасының осы Ұлт жоспарының 12-қадамында жазылған «Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әдеп кодексі қабылданып, Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілгені белгілі.
Шымкент қаласы 2018 жылдың 19-маусымы күні республикалық дәрежедегі қала мәртебесін алғандықтан, белгіленген заң талаптарына сәйкес қала әкімі аппаратында әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл - қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары консультациялық көмек көрсету, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыру, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғаларға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну болып табылады.
Әдеп жөніндегі уәкіл - мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алады.
Әдеп жөніндегі уәкіл мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттерді орындау мақсатында 2018 жылдың екінші жартыжылдығына жұмыс жоспары түзіліп, оны қала әкімінің аппарат басшысы бекітті. Кестелерге сәйкес 2018 жылдың 19 қыркүйегінен бастап қала, аудан әкімі аппараттарында, барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар-кеңестер өткізу жоспарланып, өткізілді. Атап айтқанда, қаламыздағы аудан әкімі аппараттары мен басқармаларда Әдеп кодексінен, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардан туындайтын талаптар түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан жүктелген қызметтердің сапалы атқарылуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік шаралар, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөніндегі мәселелер қаралды. Қатысушыларға кеңінен түсіндіріліп, берілген сұрақтарға жауаптар берілді.
2018 жылғы 14 қыркүйекте «Қазына аралы» ЖШС-нің қызметкерімен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің этикасын көтеру» тақырыбында анонимдік әңгімелесу өткізілді. Сұхбат барысында «қай уақыттан бері осы лауазымды атқарып отырғаны», «функционалдық міндеттері», «осы қызметте қандай қиындықтар кездесуде», «этикалық кодекске қандай өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болады» және т.б.тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды.
Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынамыз. Әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың хабарласуын, қабылдауға келуін ыңғайластыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілдің фейсбугінде, қалалық газеттерде хабарландырулар ай сайын жариялануда. Азаматтарды қабылдау кестесі әр айдың 2-ші және 4-ші сәрсенбісінде сағат 15-00-ден 17-00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде әр айдың 3-ші аптасының дүйсенбі күндеріқабылдау жүргізілетін болып бекітілді. Сонымен қатар жергілікті теледидарға, атап айтқанда «Отырар», «Оңтүстік», «Агро ТВ» телеарналарына мемлекеттік қызметшілер мен жеке азаматтарды қабылдау жөнінде бейнероликтер күніне 5-6 рет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдау бағыты бойынша жоғарыда аталған семинарларды өткізу барысында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алдын - ала хабарландырулар жариялана отырып, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдаулар өткізілді. Бұл қабылдауларда барлығы 3 мемлекеттік қызметші мен басқа да азаматтар толғандырып жүрген сұрақтарын көтеріп, оларға жауап қайтарылды. Әдеп жөніндегі уәкілдің қала әкімі аппараты ғимаратындағы жеке қабылдауында 8 адам болып, жазған арыздары заң талаптарына сай зерделеніп, жауаптар берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілге телефон арқылы 3 адам хабарласып, олардың айтқан мәселелері сол мерзімде тиісті жауапты мемлекеттік қыметшілермен хабарласа отырып шешімін тапты.
Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бейнесюжеттер мен радиоматериалдар саны - 4, БАҚ-та жарияланған баспалы мақалалар саны - 2. («Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік құндылықтарын дамыту» «Шымкент келбеті» газеті. 03.10.2018 ж. №78 (1617), «Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ» «Шымкент келбеті» газеті 14.12.2018 ж №99 (1638)
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында қалалық деңгейде Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары аудан әкімдері орынбасарларына да қосымша жүктеліп, айтарлықтай біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дәрістер мен семинарлар - 12, БАҚ-та жарияланған мақалалар саны - 3.
2018 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жергілікті атқарушы органдардағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен нұсқада анонимдік сауалнама жүргізілді. 2018 жылдың 1 қазанына қала әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік органдардың 535 мемлекеттік қызметшілері қамтылды. Оның қорытындысы барлық атқарушы органдарда өткізілген семинар-кеңестерде қаралып, ұжымдарда алдағы уақытта жүргізілуге тиісті жұмыстар нақтыланды.
Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратан ситуациялардан өзін алшақ ұстауы тиіс. Іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтамау Әдеп кодексін өрескел бұзу болып табылады. Мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні қолданған кезде инетернет желісінің басқа қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайлылық танытуы қажет, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпаратты жарияламауы, қазіргі конститутциялық құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын қолданушыларды достар тізіміне қабылдамауы тиіс. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы бойынша әлеуметтік желілерге ай сайын мониторинг жүргізіп келеді. Осыған байланысты бекітілген кестеге сәйкес Шымкент қаласы, аудан әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік желілерлегі парақшаларына жүргізілген мониторингтің нәтижесінің бірқатар қызметшілердің «facebook», «vk», «instagram» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында Әдеп кодексінің нормаларын сақтамау деректері анықталып, бірнеше мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданылды.
Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылған сынға себепкер болмауға тиіс екендігі көрсетілді. Қазіргі таңда аталған мәселе Әдеп жөніндегі уәкілдің тікелей бақылауында және үнемі қатаң қадағалануда. Осыған орай, барлық мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыру жүктелді.
2018 жылдың 25-26 қазан күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтегі әдеп стандарттары: тәжірибе мен жетістіктер» республикалық форумы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңестері мүшелерінің, комиссия мүшелерінің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің резолюциясы қабылданды. Резолюцияда заңнамалық актілердің мазмұнына сәйкес келмейтін түрлі түсіндірмелерді қолданудан аулақ отырып, заңдардың нақты мәнін басшылыққа алу, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының әдеп нормаларымен үйлеспейтін мақсаттарға қол жеткізу үшін формальды рәсімдерді қолданбау, жазалау алдында сыбайлас жемқорлық және этикалық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту мәселелерін қараудың басымдығын мойындау, өз қызметін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асыра отырып, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға лайықты үлес қосу, ел экономикасындағы бәсекелестікті дамытуға, заңсыз әкімшілік қысымнан бизнесті қорғауға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға жан-жақты жәрдемдесу, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін талқылау мен түсіндіруді қамтамасыз ете отырып, қоғаммен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру және жеке этикалық жауапкершілікті арттыруға ықпал ететін персоналды басқарудың қазіргі заманғы нысандарын пайдалануды, сондай-ақ стратегиялық мемлекеттік қызметтен инновациялық қызметке көшуді қамтамасыз етукең түрде қамтылған.
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, алдымызда азаматтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететін және барлық реформалардың сәттілігіне жауап беретін кәсібилендірілген мемлекеттік аппаратты құру, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік бет-бейнесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті дайындау жөніндегі ауқымды мақсаттар тұр. Көрсетілгеннің негізінде және моральдық-әдептік құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыру қажет. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және олардың қызметін жетілдіруді ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауы өткізіліп, оған қатысу мүмкіндігіне ие болдық.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылда жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданып, мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта өз іс-әрекеттерімен әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуі және осы бұзушылықтар олардың мемлекеттік қызметші мәртебесіне сай еместігі, қоғам тарапынан айтылатын сынға негіз болуы мүмкіндігі туралы қатаң ескертілді.
Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолауында мемлекеттік қызметшілердің жұмысының сапасына жағымсыз әсер ететін мемлекеттік органдардағы артық жұмыс жасау, формализм мен бюрократияның орын алуын ерекше атап өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының және қала әкімі аппараты басшысының тапсырмаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына көрсетілгендей еңбек заңнамасының үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдарға айыппұл салу қарастырылғанын көрсете келе барлық мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін уақытылы қайту туралы қатаң ескертіліп, қазіргі таңда бұл жүйе дұрыс жолға қойылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы №772 Жарлығымен бекітілген «Жалпыұлттық жоспардың» 88-тармағының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қаладағы жергілікті атқарушы органдардағы қызметкерлердің жұмыс компьютерлерін автоматты режимде сөндіру бойынша бағдарламасы орнатылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес «Шымкент адалдық алаңы» акциясы аясында барлық мемлекеттік органдарға таратылып, ғимаратта баршаға көрінетідей жерге «Мен сыйлық алмаймын» мәтіні орналастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік функцияларын орындауға байланысты 2018 жылғы 24 желтоқсан күні қала әкімінің орынбасары Д.Жуминнің төрағалығымен өткізілген мәжілістегі тапсырмасына сәйкес қала, аудан әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жаңа жыл қарсаңында және алдағы уақытта болатын мерекелерде мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар, кәделер және т.б. белгіленген заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатыны ескертілді.
Жаңа жыл қарсаңында түскен (түсетін) сыйлықтар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып акция ұйымдастырылды. Акция барысында түскен сыйлықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне белгіленген заң талаптарына сәйкес тапсырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің алдағы уақытта атқарылатын қосымша іс-шаралары:
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында қала әкімі мен аудан әкімдері аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттердің талап деңгейінде орындалуы бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
«Шымкент келбеті» газеті 30.01.2019 жыл №8 (1650)