Меню

Страницы

Статья

Шымкент қаласының туризмін дамыту туралы

Шымкент – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, көркем табиғат, ұлттық салт-дәстүр мен мәдени құндылықтар үйлесім тапқан көне қала. Қаланың тарихы екі мың жылдан астам уақытқа созылады және ол тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да көптеген маңызды оқиғалардың куәсі болды.

Ал бүгінгі Шымкент – Қазақстандағы халқының саны бойынша үшінші, аумағы жағынан ең ірі қалалардың бірі. Ол елдегі үшінші ірі агломерацияны құрайды.

Қала аумағына іргелес қолжетімді қашықтықта еліміздің ірі табиғи және тарихи орындардың көптеп шоғырлануы, қала аумағында бес жұлдызды қонақ үйлерден бастап, заманауи хостелдердің және түрлі мәзірдегі тамақтану орындарының болуы, қалалық демалыс түрлерінің алуан түрлілігі – оны туристер үшін тартымды туристік дестинация ретінде имиджін қалыптастыруға барлық мүмкіндікті береді.

Сонымен қатар, Шымкент инфрақұрылымы дамыған, Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын торап болып табылатын ірі қала.

Ежелгі және заманауи шығыс салты мен батыс модерні қиылысқан Шымкент қаласында туризмнің дамуына көптеген факторлар жағымды әсер етеді: бұл жылына 300 шуақты күн, табиғи-климаттық аймақтардың сан алуандығы, Ұлы Жібек жолы бағытында ірі тарихи қалаларға (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т.б.) жақын орналасуы, түрлі оқиғалы және іскерлік шаралар өткізуге қолайлы жағдайлардың болуы мен Қазақстанның гастрономиялық орталығына айналуы.

Қала аумағы мен жақын өңірлерді қоса алғанда туристер үшін белсенді демалыс, зиярат ету, спорттық, сауықтыру, ойын-сауық секілді түрлі бағыттағы маршруттар әзірленіп ұсынылады. Ал «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы туристердің өңірде болу жайлылығын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетуге дайын.

Шымкент өзінің осы бәсекелестік басымдықтарын қолдана отырып, бүкіл Оңтүстік өңірі үшін тірек туристік орталыққа айналуда. Қала өз әлеуетін көрсете отырып, туристер ағынын қабылдап, оларға қажетті барлық ақпаратты ұсынып, әрі қарай өзге маршруттарға жол аша алады.

Бұдан бөлек, қала өзінің қонақжайлылығымен және әрбір келген туристке деген ыстық ықыласымен ерекшеледі. Мұнда кез-келген турист өзіне қажетті демалыс түрін таңдай алады.

Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Терең тарихы бар шырайлы Шымкент шаhарының табиғаты мен ауа райы адамдардың өмір сүруіне және саяхаттап келген туристерге де өте қолайлы.Тарихқа, таңғажайып мәдениетке және тамаша табиғи сұлулыққа бай қала келген барлық келушілерге ұмытылмас әсер сыйлайды.

Дата публикации
17 февраля 2020
Дата обновления
07 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы
14 августа 2026
Шымкент қаласы бойынша дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу және дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскелердің тізбесін бекіту туралы
14 августа 2026
2026 жылғы Құрылтай бойынша ақпараттық материалдар

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы