Меню

Страницы

Статья

«ДӘМДӘСTOUR»: ШЫМКЕНТТІК АСПАЗДАР ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

Шаһарда дәстүрге айналған «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі кезекті рет ұйымдастырылды. 2022 және 2023 жылдары үлкен табысқа жеткен дәстүрлі фестиваль биыл өз жалғасын тауып, көпшілік асыға күтетін, нағыз той-думанға айналды.

Фестивальге 50-ден астам тамақтандыру орны қатысып, өздерінің дәмді әрі ерекше тағамдарын ұсынды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, аспаздардың тағамдарымен, қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты.
Бұл фестивалдің басты жаңалығы – көпшілік салмағы 24 келі шығатын, еліміздегі «Ең үлкен самсаның» әзірленуіне куә болды. «Камал ата» асүйінің бас аспазы Н.Нархожаев ең үлкен самсаны әзірлеп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.

Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан мотобайкерлер арнайы келіп, өздерінің ерекше мотошеруін және мотошоуын ұйымдастырды. Жиын барысында қала тұрғындары мен қонақтары эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Ал, жиын соңында болған кәсіби отшашу мен алау көрінісі қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады.

Дата публикации
18 апреля 2025
Дата обновления
18 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы
14 августа 2026
Шымкент қаласы бойынша дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу және дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскелердің тізбесін бекіту туралы
14 августа 2026
2026 жылғы Құрылтай бойынша ақпараттық материалдар

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы