1.Шымкент қаласы 2200 жылдық тарихы бар Ұлы Жібек Жолы бойындағы ежелгі қалалардың бірі. Шымкент қаласының ескі нұсқасын көргіңіз келсе «Shymqala» тарихи-мәдени кешеніне бару арқылы көне қаланың лебін сезіне аласыз. Кешен Шымкенттің ескі бейнесін жаңғыртып жасалған ашық аспан астындағы мұражай. Қалашықтың ең төменгі қабатынан б.д.б III ғасырдың аяғы мен II ғасырдың басына жататын керамика ыдыстары табылған. Кешен аумағынан Қараханид, Қазақ хандығы және зооросталық ғибадатхана, ортағасырлық хауыз (жасанды су тоғанын) және теміршінің ұстахансын, көне артефактілер секілді көптеген жәдігерлерді көре аласыздар. Қамал 2021 жылдың 1 мамырынан бастап өз келушілерін қабылдай бастады. Қаланың ежелгі үлгісі ретінде саналатын «Shymqala» тарихи-мәдени кешені Әйтеке би көшесі 30/29 мекен-жайында орналасқан. Цитадельдің аумағына автобуспен немесе жеке көлікпен бара аласыз.
- Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябақ- Қазақстандағы ең үлкен ботаникалық бақ болып саналатын ірі көлемдегі жасыл аумақ. Аумағы 150 га алып жатқан Дендросаябақта ағаштың 1360-тан астам түрі кездеседі. 1979 жылы құрылған Дендро саябақ бүгінде Асанбай Асқаровтың атына берілген. Дендросаябақ қаламыздың маңызы бар ерекше қорғалатын аймағы және қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі болып саналады. «Шымкент өкпесі» деп атап кеткен саябақ таза ауада серуендеп, табиғатты тамашалауға таптырмас орын. Спорт әуесқойлары да дендросаябақта таңертеңгі йогамен айналысқанды немесе жүгіргенді ұнатады. Саябақ аумағында көл, орындықтар, көпір, сәулеттік формалар, велосипед жолдары бар. Дендросаябақ күнделікті сағат 05:00-00:00 аралығында жұмыс жасайды
- «Бәйдібек би» ескерткіші – Қазақстандағы ең биік деген атаққа үміткер, оның жалпы биіктігі - 23 метр. Ескерткіш қаланың солтүстік бөлігінің ең биік нүктесінде орналасқан, фигураның биіктігі 10 метр, тұғыры 9 метр, жағалауы 4 метр. Бұл қаламен бірге суретке түсе алатын Шымкенттегі бірден бір орын. Бәйдібек би ұлы жүзден шыққан халықтың басын біріктіріп, елді-жерді қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде аты шыққан аса ірі тарихи тұлға болған.
4.Зообақ- Республикалық ірі хайуанттар бағының бірі Шымкент қаласында орналасқан. Жануарлар әлемімен танысуға мүмкіндік беретін бұл аумақ 1979 жылғы 11 желтоқсандағы Асанбай Асқаровтың жеке бастамасымен және тікелей басшылығымен салынған. 1980 жылы 29 сәуірде хайуанаттар бағы алғашқы келушілерін қабылдады. 540 мың шаршы метр аумақты алып жатқан хайуанаттар бағында 1600-ге жуық жануарларлдың түрі бар. Зоологиялық баққа кіру құны ересектерге-800теңге, 17 жасқа дейінгі балаларға-400 теңге, ал 6 жасқа толмағандарға кіру билеті тегін. Хайуанаттар бағы 09:00-20:00 аралығында күнделікті жұмыс жасайды.
- Егер қаланың кешкі қозғалысын көргіңіз келсе «Арбат» жаяу жүргіншілер алабына барып жарық шамдармен көмкерілген көшені жаяу аралап шығуға болады. Қала тұрғындары мен қонақтары кешқұрым Арбатқа шығып серуендегенді ұнатады. Арбат жаяу жүргіншілер алабының жанында қаладағы танымал сауда үйлерінің бірі «Shymkent Plaza» сауда орталығы орналасқан. Егер қаласаңыз сауда орталығынан тамақтанып демалысыңызды шоппингпен жалғастыруға болады.
- «Ибраһим ата» кесенесі Сайрамның солтүстік-шығысында орналасқан Ахмет Яссауидың әкесі-шейх Ибрагим мазарының үстінен салынған. Уақыттың сынағына төзбеген алғашқы кесененің тозығы жетіп, қабырғалары құлаған. Кейіннен қалпына келтірілген. Кесененің көлемі 7х7, биіктігі 8,25м. Алғашқы құрылыс XVI-XVII ғғ.жүргізілген. Құрылыстың алғашқы күмбезі құлаған соң XIX ғ соңы XX ғ асырдың басында шатыры қайта салынған. «Ибрагим ата» кесенесі қала орталығынан 19 км қашықтықта орналасқан.
- «Қарашаш ана» кесенесі – ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет Ясауи шешесінің мазарына құрылған. XIX ғасырда қайта жаңғырған. Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Қарашаш Ана сол уақыттағы әйелдердің ең білімді, тәрбиелісі болған. Қарашаш Ана көп уақытын өз балаларының тәрбиесіне ғана емес, көмек қажет адамдарға қол ұшын созуға бөлген. Осылайша ол өз ауылына өзінің аналық қасиетімен танымал да сыйлы бола алды. «Қарашаш ана» кесенесі қала орталығынан 17 км қашықтықта орналасқан.
- Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Мешіт 4 мұнарадан тұрады. Негізгі бас күмбездің биіктігі 56 метр. Негізгі орталық кіреберіс есіктен ер азаматтар кірсе, сол жақ тұсындағы есік әйел адамдарға арналған. 12 мыңға жуық мінәжәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар, ал кіреберіс алаңда бірден 10000-ға жуық келушілер жинала алады. Сондай-ақ, бұл ғимаратта 1100 орынға арналған конференц-зал, 600 орынға арналға ас беру орны, 100 орынға арналған неке қию залы, 428 орынға арналған кіші дәрет алу орны, медресе мен кітапхана бар.
- «Қошқар ата» өзені – өзеннің қаланың қақ ортасынан бастау алуы әлемде сирек кездесетін құбылыс. Ал оның жарқын мысалы –Шымшаһардың ортасынан құлай аққан Қошқара ата өзені. Жер астынан шығып жатқан бұлақ суының ерекше шипалық қасиеті бар. Сонымен қатар ол шаһардың микроклиматтық жағдайын реттеуге де мол әсерін тигізеді.
Өзен Қошкар-ата деген атпен танымал XII ғасырдағы аты аңызға айналған сопының құрметіне аталған. Аңыз бойынша Қошқар ата өзеннің бастауы бойында өмірден озып, осы жерге жерленген. Кейінірек жағалауда сопының құрметіне кесене тұрғызылған.
- «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы»- 2014 жылдың желтоқсан айында Республикамыз бойынша тұңғыш рет шырайлы Шымқаламыздан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы жасаған іс-сапары кезінде ашылды. Бұл еліміздің өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей орталық. Мұнда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты көптеген дүниелермен танысып, көруге болады.